ROKKU.KZ

Құрылғы қосылмай тұр ма?

Төмендегі қысқа тексеруден өтіңіз — көп жағдайда себебі 2–3 минутта табылады.

Ең алдымен — барлық құрылғы үшін
  1. 01Құрылғы қосулы және зарядталған — корпустағы индикатор жанып немесе жыпылықтап тұр.
  2. 02Дұрыс қолданба жүктелген — атауы қорапта көрсетілген.Rokku құрылғылары мына қолданбалардың бірімен жұмыс істейді: O-KAM Pro, V380 Pro, iCSee немесе Smart Life.
  3. 03Баптау кезінде телефон мен құрылғы роутердің қасында, бөлек бөлмелерде емес.
Егер бұл Wi-Fi камера болса
  1. 04Роутер 2.4 ГГц желісін таратады — Rokku камералары 5 ГГц желісін көрмейді.Роутер 2.4 және 5 ГГц-ті бір желіге біріктірсе — баптау уақытына оларды роутер панелінде бөліңіз.
  2. 05Wi-Fi құпиясөзі қатесіз енгізілген — әріптердің регистрі мен арнайы таңбаларды тексеріңіз.
  3. 06Телефонда Bluetooth қосулы — камераны алғаш баптау үшін ол қажет.
  4. 07Қолданбаға жергілікті желіге кіруге рұқсат берілген.iPhone: Баптаулар → Құпиялылық → Жергілікті желі → қолданба үшін қосу.
Егер бұл 4G камера болса
  1. 04SIM-карта дұрыс жағымен, сырт еткенше салынған.
  2. 05SIM-картада баланс немесе белсенді интернет-пакет бар.
  3. 06Камера орнатылған жерде ұялы желі сигналы бар.Сол жерде сол оператордың SIM-картасы бар телефонмен тексеріңіз.